АҚШ-тағы наразылық: Трамптың тағдыры шешілмек

2895
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың  әрекетіне қатысты ресми пікір айтыла бастады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА-новости агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп елге қауіп төндіреді және оны дереу қызметінен босату керек, дейді Иллинойс штатының демократиялық губернаторы Джей Роберт Прицкер.

"Менің ойымша, оның төңкеріс жасауға ықпал ету әрекеті біздің демократиямызға, Конституцияға және барлық американдықтарға опасыздық жасайтынына күмән жоқ. Бұл біздің еліміз үшін қауіпті. Оған импичмент жарияланып, дереу қызметінен босатылуы керек", - деді Прицкер мәлімдемесінде.

Сәрсенбіде Вашингтонда оны қолдау үшін демонстрацияға жиналған АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына шабуыл жасап, өткен сайлаудың нәтижелерін мақұлдайтын жиналысты тоқтатты. Өткен дауыс беру нәтижесінде сайланған Президент демократ Джо Байден болып саналады, бірақ Трамп жеңілісті мойындамайды.

Пікірлер