Елімізде 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді

2498
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Айта кетейік, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылығын өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызға жетіп отыр, деп хабарлады Астана арнасы.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш заң салық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады.

"Салықтың негізгі сомасын төлесе, өсімпұл кешіріледі. Яғни азаматтарға жеңілдік жасалып отыр. Екіншіден салық бойынша берешегін құтылады. Сонымен қатар бұл салыққа қатысты жағдайды жақсартады", - дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер