Олжас Әбіл. Байден орынтағына отыра сала Ресейге қарсы іске кірісті

6006
Adyrna.kz Telegram
Жәкең бірден іске кірісті. Қателеспеппін. Байден орынтағына отыра сала екі білегін түре іске кірісті.
Джозеф Байден алғашқы күндерден - ақ шалағай Трамптың шикі заңдарын кері қайтарды.
Путинге звандады, қоңыраулатып, оны біраз сілкіді.
Екеуінің әңгімелескен темалары мынадай: "Америкаға жасалған кибератаканың артында тұрған сендер ғой"
"Ауғанстандағы АҚШ әскерилерінің басы үшін Ресей сыйақы тағайындады ма?"..
"Навальный неге уланды?"... т.б.
Мен Путиннің орнында болсам, бұндай әңгімеден соң біраз терлеп - тепшіп, жүзім қабарып шығар еді. Ол да сөйткен шығар. Өзіне өзі келіп көңілін басуы үшін сейілдеп шығып, ядролық зымырандарының шаңын сүртіп қойды ма, кім білсін...  Жалғыз алданышы сол...
Сіздер қалайсыздар ма, қаламайсыздар ма, ол өз еркіңіз, бірақ ақиқат біреу.
АҚШ бүгінде халықаралық жандарм рөлінде отыр.
Әскери, экономикалық, ғылыми тағы басқа көптеген салаларда әзірше оған тең келер ел жоқ. Оны мойындамасаңыз басқа планетаға көшіңіз.
Қазір сарапшылар арасында "құдіретті АҚШ қайта оралды" деген сөз шығып жатыр. Ол рас. Күллі жаһан бойынша ол құбылыс сезіліп жатыр.
Ал "Американы ұлы держава қыламын" деген популист Трамптың тұсында осы АҚШ тың қай тесікке түсіп кеткенін бір құдай білсін.
Трамп демекші... осында, осы Трамптан Қытаймен алысқан қаһарман жасап оған табынып жүргендер - мен үшін: не АҚШ тарихынан, не сыртқы геосаяси жағдайдан хабары жоқ тоғышар тобыр ғана.
Себебі, Америка тарихын білетін адам біледі;
Оның Қытайға қарсы геосаяси әрекеті сонау өткен ғасырдың 50 жылдарынан басталады. Президент Никсон одақтасы - Сингапурге келгенде Қытай туралы сұрайды екен. Картер келсе де сол әңгіме, Рейган келсе де Ли Куан Ю мен сол әңгіме. Оны Ли Куан Ю кітабында жасырмай жазады.
Іс жүзінде Ли американдықтардың сол маңдағы тоқылдағы болыпты.
Американдықтар сол заманнан бері Тынық мұхитта Қытайға қарсы әскери қамал тұрғызып тастады.
Жалпы, Американың Қытайдың күншығысында орналасқан әскери күшімен инопланетяндармен соғысуға болады.
Тынық мұхит жағалауындағы елдердің аумағында АҚШ тың әскери базасы жоқ ел жоқ десе де болады. Ол жерде бәрі Американың одақтасы. АҚШ тың жаһанда 50 ден аса әскери одақтасы бар екен.
Егер сол одақтастардың біріне Қытайдан әскери қауіп төнсе, неше минутте қай ел іске кіріседі, неше секунтте қай одақтас қай соғысқа араласады, оның бәрі бұл елдердің арасындағы өзара келісімшарттарда жазылып тұр.
Ал АҚШ тың ондағы әскери құдіреті тіпті сұмдық, заманауи авианосецтерінің екі - үшеуі (АҚШ та оның 12 сі бар) мұндай жағдайда жүзіп келіп Қытайдың күншығысын бомбылап жапырып өте алады екен. Қытайда ондай әскери күш жоқ әзірше.
Бір сөзбен айтсақ, Қытайдың шығысы - тұтас темір қамал.
Яғни, АҚШ Қытайға қарсы өз саясатын 70 жыл бұрын есептеп шығып, оны батыл құрып келе жатыр. Ол енді американдық қайраткер президенттердің ортақ еңбегі.
Енді мынау шикі Трамп келіп соңғы кезде күшейіп тұрған Қытайды түртпектеп, бір мезетте санкция салып, сол сәтте өзі бір аяғымен бұлтақтап Қытайда тұрған Гонконгты жұлып алмақшы болып шатылды. Оның нәтижесі кері әсер беріп сұмдық болды.
Осы жерде мысал үшін мынаны айтайық; Батыстың Ресейге санкция салғанына биыл 7 жыл болыпты. Енді бір 7 жылдан соң Батыс Ресей аймақтарының азаттығы туралы әңгіме көтерсе болады екен.
Бұл сондай ұзақ мерзімге арналған саясат еді негізі... Соны саудагер Трамп өзінің 4 жыл мерзімінде істемекші болып, күшейіп тұрған Қытайға соқтығып Гонконгтан айырылып, былықтырды.
Қысқасы, Трамптың қателері жетеді.
Соны Байден дереу жөндеп жатыр.
Жалпы, Байденнің Ресейге қарсы ұстанымы, әлемдегі диктаторлар басқарған мешеу елдерге қатысты саясаты да қатаң болады деп жобалап отырмын. Ол енді өз алдына ұзақ әңгіме.
Байден өзі нағыз американдық адуынды президент болса, өзі идеялық демократ болса, ол басқа не істеуші еді. Ол оларды қуырады.
Сондықтан әлемдегі елдерін меншіктеп алған диктаторлардың көздері қазір алақ - жұлақ етіп, оларға жөндеп ас батпай жүргеніне мен сенімдімін.
Ұзын сөздің қысқасы, Джозеф Байден келді, отырды, іске кірісті.
Байқайық, көрейік.
Олжас Әбіл,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер