Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1727
Adyrna.kz Telegram

Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алматы облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы

23-24 ақпанда Қостанай облысында қар, 23 ақпанда кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі.

23-24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз 23 ақпанда кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23, түнде 24 ақпанда 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі.

25 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 24 ақпанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. 24 ақпанда ауа температурасының 2 градус аяз-3 градус жылы, кей жерлерде 5-10 градус аяз, облыстың солтүстік аудандарда 13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда  тұман, көктайғақ, 25 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз 23, тәулік бойы 24, түнде және таңертең 25 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. Түнде 25 ақпанда ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Күндіз 24, тәулік бойы 25 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 25 ақпанда ауа температурасының 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяздан 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24 ақпанда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында ауа температурасының 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Ақтөбе облысы

23 ақпанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, кей жерлерінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы

23-25 ақпанда жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Күндіз 23 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

23 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде күші 15-20 м/с. Атырау қ.: 23 ақпан түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

24 ақпанда Маңғыстау облысында ауа температурасының 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 23 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 23 ақпанда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

23-24 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ: 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ: күндіз 23 ақпанда жаяу бұрқасын, жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

23 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.Қызылорда қ.: 23 ақпанда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер