Түркия 5-ші буын бомбалаушы ұшақтарын шығаруға миллиардтаған доллар инвестиция салып жатыр

7138
Adyrna.kz Telegram
RAF 6 Squadron Eurofighter Typhoons on Exercise Bersama Lima 11 in Malaysia
RAF 6 Squadron Eurofighter Typhoons on Exercise Bersama Lima 11 in Malaysia
Түркияда 2010 жылдардан бастау алған әскери ұшақ өндіру туралы мемлекеттік жоба бар. Ұшақ болғанда да жасанды интеллекттің соңғы жетістіктері қолданылатын 5 буын ұшағын өндіру. Бұл типтегі ұшақты АҚШ өндіруге күш салуда. F35 бомбалаушы ұшақтары соның бір баспалдағы ғана. Ресей мен Қытайдың өз жобалары бар. Франция мен Германия 2040 жылдары бірлесіп осы тектес ұшақ шығаруды жоспарлап отыр.
Түркия 2023 жылы бомбалаушы ұшағын алғаш рет ангардан шығарып, жетілдіріп, тесттен өткізіп, 2025 жылы ұшыруды жоспарлап отыр. Ұшақ одан әрмен тесттен өтіп, мамандар кемшіліктерін толықтырып, түрік қарулы күштеріне 2030 жылдары тапсыруды мақсат тұтуда.
Бұл жобаға қатысты қызық деректер:
1. Жобаның құны шамамен 15-20 млрд доллар.
2. Бір ұшақтың бағасы 140-150 миллион доллар болмақ.
3. Ұшақ 2030 жылдары қарулы күштерге тапсырылғаннан кейін 2070 жылға дейін өндірілетін болады. 40 жыл өндірістен түспейді.
4. Жоба аясында 3 мың түрік инжинерлері жұмыс істейді. Бір ұшақты құрастырып, өндіріске шығару үшін 3 мың технократ жұмыла іске кіріседі.
5. Осы жоба аясында Түркия ЖОО-дағы талантты технократ жастарды мемлекет қамқорлығына алып, ұшақ өндіру ісіне тарта бастаған.
6. Мемлекет шетелде түрлі салада еңбек етіп жатқан білікті түрік инжинерлерін аталған жобаға тарту үшін жағдайларын жасап, Түркияға жұмысқа шақыруды қолға алған.
7. Жоба аясында 3 құрылым негізгі жұмыстарды өзара бөліп алған.  Олар:
"TUSAS" ұшақты жобалау, истрибительдің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша еңбек етеді.
"TEI" ұшақтың моторын жасаумен шұғылданады.
"TAI" ұшақ корпусы мен өзге де детальдарды құрастыруға ат салысады.
8. Беспилотник Bayraktarдың радарларын шығарып келген "Aselsan" компаниясы арнайы осы ұшаққа арналған радарлар шығаруға кіріседі.
9. Ұшақ 18600 метр биіктікке дейін көтеріле алатын, жасанды интеллектпен жабдықталған, заманауи ұшақтардың бірі ретінде АҚШ үкіметі Түркияға сатпай қойған F35 ұшақтарына альтернатива болмақ.
Жалпы АҚШ пен Израиль бомбалаушы ұшақтар сатпаса, Байрактар шығаратын, F35 ұшағын сатпаса өзінің 5 нәсіл ұшағын шығаруға ұмтылатын не деген қайтпайтын саясаткер деймін Ердоғанды. 2010 жылға дейін тыныш жүретін. Әбден күшейіп, өзіне-өзі келгеннен кейін ешкімге бой бермей, Түркияны алға бастап барады.
Еліндегі кедергі келтіріп, балаққа жабысқанның бәрін "Сендер үкіметте болған 80 жылда не істедіңдер? Билікте аз отырмадыңдар ғой" - деп, тас-талқан етті. Бірақ нәтиже бар. Ал саясатта ең бастысы нәтиже. Мұндай технологиялық нәтижеге Түркия ешқашан жетпеген. Ешбір президенттің, премьер-министрінің мұндай амбициялық жобаларды қолға алып, нақты нәтижеге жетуі тарихта қолынан келмеген. Ал Ердоған іске асырып келеді. Осы жетістігі де оны өзіне дейін 80 жыл мемлекетті басқарған өзге саясаткерлерден, анау да мынау партиялардан ерекшелейді.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер