Екі айлық қызын дәлізге тастап кеткен

2032
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді»,-делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (Қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Көкек ана іздестірілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер