"Психология – менің бақытым"

1583
Adyrna.kz Telegram

 

Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап  жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әртүрлі. Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғалім мен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамғажұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылық пен  нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға, талпынасың.   Менің алдыма келген адамға қайткен күнде де қол ұшымды беріп, жақсылық жасауға тырысамын. Керісінше, қызметке кездейсоқ  келген адамнан бойкүйез, терісіқалың негізгі мәселеге  салғыр мансапқор шығады. Ұзақ  тұрып әрең  кезегің келе баргенде «Үзіліссіз, екі сағаттан кейінкел »- деп есікті тұйсығыңның алдынан тарс еткізетіндер бар. Оларды кезекте бір – ақадамқалғаны, оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды. Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», - деп халық тауып айтқан. Психолог маманға мұндай қасиет  мүлдем жараспайды. ХХІ ғасырдың  нағыз  ұстазы  қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің  майталманы, осы мақсатқа  рухани  күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі  айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің  қолынан келе  бермейтін, ерекше таланты  қажет  ететін, бай қиялды  адамға тән  қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы  еңбегінде мазмұны  әртүрлі  кездейсоқ  жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның  оң  шешімін табуға  дайын  болуға  тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Баланың  жан дүниесін  түсіне  алатын  психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның  ғасырлар  бойы  келе  жатқан  құндылықтарды  бойына  сіңіріп, ойына ұялатуға  тырысамын. Мұғалімнің  әлеуметтік  беделін  көтеруде оның  сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор  рөл  атқарады. Білімдар  мұғалімнің  сөйлеу  техникасы мен адамды  түсіну  білуі, басқа  адамды елітіп әкетуі  басым  болады. Педагогикалық  әдеп-мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік  белгісі. Кейбір  мұғалім, кәсібін  айтпай- ақ, өзінің  әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің  мамандығын сырт көзге  айқындап  тұрады. Әр мамандықтың өз  қиындығы, өз  қызығы бар. Психологтың  жұмысы  күрделі де, қызықты да. Шынын  айтсам, кейде  жұмыстан  соң  үйге  келгенде, қатты  шаршағанымды  сеземін. Бірақ  сол өткізген  күнді  талдай  отырып, оқушылардың  маған деген  ықыласын, маған  ұмтылған   үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын  бір сәт еске  түсірсем, шаршағаным  ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір  бұлақтың  бастауын, көзін  ашып, тұнығына  қану  үшін   қаншама  қиын да, қызықты  еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Таңғажайып  балалар  әлемін   тереңірек  танып, өз  өмір  тәжірибемнің, мейірімнің  дәндерін  қондыру, психолгиялық  тренингтер  өткізу – менің  жұмысымның  мәні. Балалармен  жұмыс  жасау – үлкен  бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай   мейірімділікке  сенеді, кішкентай алақанын  менің  алақаныма  қойып, өз құпияларын  айтып, маған  сенім  артады. Пәк  көңіл  балалармен  ара-қатынас маған қуаныш, шаттық  сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған  керектігіне  сенімдімін. Осы сенімнің  болуы – әр  педагогтың  бақыты  деп  ойлаймын.

Мыңбаева Гүлнар,

мектеп психологы

Пікірлер