Өмірден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған

3432
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өмірден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған тұрғын анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазығұрт аудандық Полиция басқармасына аудан прокуратурасынан құжаттар келіп түсті. Онда жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болған әкесіне мемлекет тарапынан төленетін зейнетақысын заңсыз алып келгені көрсетілген. Осылайша тұрғын зейнетақыны алу мүмкіншілігі жоқ екенін біле тұра, екі жыл үш ай заңсыз алып, мемлекетке бір миллион 200 мыңнан астам теңге шығын келтірген»,-делінген хабарламада.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Ақпарат алысымен полицейлер бірден әрекет етіп, күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-не жеткізкен.

Айта кетейік, ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бас шарасы “міндеттемеде”. Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан екі жыл алдын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаларды қайтарған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер