Тойханалар ашылды: 50 адамға дейін рұқсат

2392
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында банкет залдарына ас беруге рұқсат берілді. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында залда адам саны 50-ден, ал толымдығы 30 пайыздан аспауы қажеттігі көрсетілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа қаулыда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына белгіленген талаптарды орындаған жағдайда ғана рұқсат беріліп отыр. Дегенмен, топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Сондай-ақ, ата-аналарды және еріп жүретін адамдардың ғимаратқа кіруіне рұқсат берілмейді.

Ал, жалпы білім беретін мекемелерде мектепалды сыныптар, 1-5-інші сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7-сыныптар, оқушылар саны 25-ке дейінгі өзге сыныптарды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді. «Қазіргі таңда біздің облыс «жасыл» аймақта тұр. Осыған орай жаңа қаулыда аймақтағы карантин талаптары жеңілдетілген.

Дегенмен, бірқатар шектеулер әлі де бар. Мәселен, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды өткізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) ұйымдастыруға болмайды. Яғни, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым жалғасады. Мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге де осындай шектеу бар», – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Пікірлер