Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

3042
Adyrna.kz Telegram

Мамыр айында қазақстандықтарда 3 мереке күні күтіледі , деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге сәйкес келеді, ауыстыруға байланысты біз 3 күн: 1, 2 және 3 мамырда демаламыз.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні жұмаға сәйкес келеді. Бұл күн демалыс күні болып саналады.

9 мамыр - Жеңіс күні, жексенбіге сәйкес келгендіктен демалыс 10 мамырғп, дүйсенбіге ауыстырылды.

Сенбі, 8 мамыр да демалыс күні. Нәтижесінде біз 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар - 1, 2, 3 мамыр демалады, содан кейін 7, 8, 9, 10 мамыр. Жұмыс күні 11 мамырға сәйкес келеді.

Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 1, 2, 7 демалады да, 8 мамырда жұмыс істейді, 9, 10 мамырда олар демалады. Жаңа жұмыс аптасы 11 мамырда басталады.

Барлығы мамыр айында 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер