Уақыт шежіресі

2848
Adyrna.kz Telegram

       Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 16-желтоқсан (2020жыл) күні    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Профессор Марат Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмесі онлайн форматта патриоттық күн мерекелік шарасын өткізді.

     Уақыт. Тіршілік. Кеңістік. Сөздің ең ұлысы - тарих. Ұлы даланың иесі де, киесі де - көшпенділер. Тарих сахнасындағы  көшпенділер ғұмырының асыл кезеңдерін дәріптеген Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы - әр оқырманның жүрегінде.

    Тарихи туындыдағы толғаныс сәттерін 3-курс студенттерінен құралған шығармашылық топ, өз бейнероликтерінде көрсетіп, аудиожазбаларында баяндап,  оқырмандарға тарту етті.

                                                                                                                    Жидегүл Әбдіжәділқызы,

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті

                                                                                                 

Пікірлер