Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

5529
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/77a4b09a-1b47-4680-80d1-744a26e7ccc6.jpeg
Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Turkistan.kz-ke сілтеме жасап. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы 2017 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың наурыз айына дейін «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын. 2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясына төрағалық етсе, 2008 жыл мен 2017 жыл аралығында Алматы қаласының әкімі болған. Әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы және Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған.
Комментарии