Тәжікстан президенті Тоқаевты еліне шақырды

429

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізеді. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек. Келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі", - деді Берік Уәли.

Тоқаев осыған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға телефон шалған болатын.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар