Ресеймен шектескен Аляскада НАТО-ның тағы да әскери оқу жаттығу шаралары өтіп жатыр

4846
Adyrna.kz Telegram
АҚШ Алясканың Ресеймен шектескен тұсында "Red Flag Alaska 21" атты әскери оқу жаттығу шараларын өткізіп жатыр.
Бұл әскери оқу-жаттығу шараларына 100 ден аса бомбалаушы ұшақтар қатысып жатыр. Әскери шараның өтуін НАТО-ның Тынық мұхиты әуе қорғаныс күштері қаржыландырып отыр.
"Red Flag Alaska 21" әскери оқу жаттығуларына 1500 әскери қатысуда. Олардың ішінде Жапония, Оңтүстік Кореяның да әскерилері бар деп хабарлады, ТАСС ақпарат агенттігі.
Осыдан біраз бұрын ғана АҚШ-тың 15 000 әскері мен ұшатын дрондары Аляскаға келіп, оқу жаттығу жұмыстарын өткізген еді. Олар АҚШ-тың "Солтүстік өңір-2021" атты оқу жаттығу шараларын қатысқан.
Ресеймен шектескен тұста АҚШ әртүрлі құйтырқылықтарды жасап, Путиннің жүйкесіне тиіп отыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер