Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кетті

2605
Adyrna.kz Telegram

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Достар, мен Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым. 7 жыл бойы мемлекеттік қызметте еңбек еттім. Енді өзімді басқа салада сынап көретін кез келді.

Достар, маған үнемі қолдау көрсеткендеріңізге алғысым шексіз. Осының арқасында көп жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, еліміздің Білім және ғылым министріне де алғыс айтқым келеді. Маған қатысты айтылған қаншама сынға қарамастан бұл қызметте маған сенім арта білді. Халыққа адал қызмет ету үшін және сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен өзімнің бар жиған білімім мен қабілетімді осы орталықтың өркендеуіне бағыттауға тырыстым. Осы салада ұсынылып жатқан басқа да басшылық лауазымдар үшін ризашылығымды білдірем. Алайда маған қызмет саласын сәл өзгерту қажет деп шештім. ҰБТ-мен қош айтыспаймыз.

Алдағы уақытта қызметімді министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастырмақпын (қандай да бір төлемсіз)", - деді Смағұлов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер