Азат рухтың алдаспандары

3461
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында «Алаш Орда» үкіметінің 100 жылдығына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерт өткізеді.

 

Дәстүрлі музыкалық концерттің мақсаты – азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалған композиторлардың тағдырлы шығармалары мен тәуелсіздік, ұлт тағдыры турасындағы халықтық ән-күйлерді ел назарына ұсыну. Сонымен қатар атаулы шарада жас толқынға өз тарихын танытып, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру ісі басты мақсаттың бірі болмақ.

Концертке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Талғат Мұқышев, Амангелді Күзеубай,  Мұрат Әбуғазы, Эльза Қарабалина секілді өнерпаздар қатысады.

Атаулы концерт аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алаш Орданың» 100 жылдығына арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.

Өтетін орын: Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры.
Өтетін күні: 22 қараша, 2017 жылы

Басталуы:  сағат 18:30.
Қосымша байланыс: +7 702 270 21 02,  +7 747 378 72 12
Электронды мекен-жай: adyrna@bk.ru

Пікірлер