«Ақ жол»: ҰБТ тапсыру кезінде балалар қашықтықтан оқытудағы олқылықтар үшін зардап шекпеуі керек

1699
Adyrna.kz Telegram
Finger clicking on a tablet with multiple-choice questions
Finger clicking on a tablet with multiple-choice questions

«Ақ жол»: ҰБТ тапсыру кезінде балалар қашықтықтан оқытудағы олқылықтар үшін зардап шекпеуі керек. Тиісті депутаттық сауалды депутат Серік Еруабаев Мәжілістің жалпы отырысында жолдады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

Е.Л.Тоғжановқа

Ағымдағы жылы мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестіні жаңа форматта тапсыруда. Бейнекамераларды орнату және "прокторинг"                       жүйесінің арқасында білім министрлігі тестілеу процесін ашық түрде өткізуде.

Сонымен қатар, биыл түлектер қажет болған жағдайда тестіні қайта тапсыруға мүмкіндік алды.

Мұның бәрі жақсы және дұрыс шаралар, бірақ ата-аналар ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімінің белгісіздігіне байланысты депутаттарға жүгінді.

Белгілі болғандай, бұл мерзім нормативті түрде анықталмаған, тек ауызша тамыз айының соңы деп аталды.

Өткен оқу жылы қашықтықтан оқыту және осыған байланысты стресстік жағдайлар, түлектер көрсеткіштерінің нашарлауына ықпал еткенін атап өткен жөн.

Мысалы, тек 15 маусымдағы тестілеуде 160 мыңға жуық тестіленушінің 60 мыңнан астамы немесе 40% пайызы шекті еңсере алмаған, ал 1200-ге жуық түлек тестілеуге мүлдем жіберілмеген.

Сонымен бірге, колледж түлектері мен ҰБТ-ны тапсырғысы келетін басқа да талапкерлер тұрғылықты жері бойынша тестілеу орталықтарындағы орындардың тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болады.

Бұл балалардың көпшілігі мектепте жақсы көрсеткіштерге ие болды және тесттің нашар нәтижелерін өте ауыр қабылдады. Отбасылардың көпшілігі мемлекеттік органдарды, қашықтықтан оқытудың төмен сапасын кінәләп, наразалық білдіруде.

Мұндай шағымдар үшін объективті негіздер бар екенін мойындау керек.

Сонымен қатар, көптеген ата-аналар балаларының осы алғашқы үлкен сәтсіздікке реакциясы туралы алаңдаушылық білдіруде. Кешегі сәтті және үмітке толы түлектер, эмоционалды күйзелісті сезінеді, ата-аналары мен табысты сыныптастарының алдында ұятқа қалуда.

Өткен жылдардың статистикасына сүйенсек, қанша түлек стресске төтеп бере алмай, төтенше шараларға барды. Құдай сақтасын одан.

Сонымен бірге, бұл балалар қылмыскер емес және қоғам алдында ешқандай кінәлі емес.

Лайықты білім алуға және өмірде жетістікке жетуге деген ниеттері бар жастарымызды табандылықпен жігерлендірген дұрыс болар еді.

Тарихта алғашқы емтиханды сәтсіз аяқтаған, бірақ өмірде үлкен биіктерге жеткен табысты мемлекет қайраткерлері мен кәсіпкерлердің көптеген мысалдары бар. Айта кетсек, әлемдегі ең бай адамдардың бірі "Али баба" Дүниежүзілік сауда интернет жүйесін жасаушы Джек Ма - 10 рет (!) университетке түсу емтихандарын тапсыра алмапты.

Ал ұлы ғалым, салыстырмалық теориясының авторы Альберт Эйнштейн, мектепте топас оқушы деп есептелген.

Иә, кейбір балалардың талантын, көпшілік жүре бара байқайды. Алысқа бармай-ақ, өз мақтанышымыз Димаш Құдайберген де соған айқын дәлел.

Сондықтан біздің түлектеріміздің алдында есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасында болашақ ғұламалар мен әйгілі азаматтар бар болуы мүмкін.

Сонымен қатар, егер ҰБТ-ны қайта тапсыру тамыз айына тағайындалса, ол талапкерлерді жазғы демалыстан айырады. Күш пен эмоцияны қалпына келтірудің орнына, олар барлық жаз айларында оқулықтарды бұрмалап, тапсырмаларды орындайды.

Кейбір отбасылар елдегі жағдайдың жақсаруын пайдаланып, жазғы демалысқа жолдама сатып алды. Енді олардың балалары белгісіздікке тап болады, сондықтан ата-аналар оларды осындай көңіл-күйде жалғыз қалдыруға бата алмай, демалыстан бас тартуға мәжбүр болады.

Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары біздің түлектерімізді ҰБТ-сыз, өз ережелері бойынша қабылдайтынын да ескеру қажет. Қайта тапсырудың алшақтауының әсері, кейбір талапкерлердің Қытай, Латвия, Чехия, Венгрия, Украина және тағы басқа елдердің университеттеріне түсуге мәжбүрлейді. Ресейдің бірқатар жоғары оқу орындары жылдың басынан, ең жақсы оқушыларды шақыра бастады, сол себепті мыңдаған дарынды балалар Қазақстаннан ҰБТ-ға дейін кетеді.

Осылайша, біз ҰБТ-ны қайта тапсырудың кешіктіруі ештеңемен негізделмеген және айқын тәуекелдерге алып келеді деп есептейміз.

Осыған байланысты, құрметті Ералы Лұқпанұлы, сізден шұғыл түрде білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде  ұйымдастыруды және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсыруыңызды сұраймыз.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Пікірлер