Мемлекет басшысы биылғы демалысын қайда өткізбек?

1598
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті шілде айының ортасында демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысы шілденің ортасында бір аптаға демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы демалған жоқ», - деді Уәли ресми сауалға берген жауабында.

Ол Тоқаев президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл және үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққанын еске салды.

Былтыр жазда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне демалысты ұмытуға кеңес берді. Елде коронавирус індеті өршіп тұрған еді. Министрлер мен әкімдердің алдына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру міндеті қойылды. Мемлекет басшысы шенеуніктерге «еңбек демалысы, демалыс деген сөздерді ұмытыңдар» деген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер