Назарбаева ауылдағы өзекті мәселені көтерді

1918
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева үкімет басшысына сауал жолдап, ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылдың нәтижесі бойынша мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7% интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етті. Бұл сандардың дұрыстығына сарапшылар да, халық та күмән келтіреді. 510 ауылда Интернеттің жылдамдығы төмен»,  - деді Назарбаева мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасында 2021 жылы ауыл мектептерінің 80 процентін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндетінің жазылғанын еске салды.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жылдамдықтың төмен болуының себебі ретінде ауылдық елді мекендерді Интернетпен қамтамасыз ету үшін қосымша қосылуларды пайдалану қажеттігін айтты. Осыған байланысты мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Ауылдық елді мекендерде интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етудің нақты технологиясын қолдану туралы шешім қалай қабылданады және осы технологиялардың айырмашылығы неде?», - деп сұрады Назарбаева.

Бұдан бөлек, депутат «соңғы миля» мәселесін түсіндіруді сұрады.

«Ауылдық елді мекендерде Интернетке қосылу сапасын тұрақты негізде өлшеу жүргізіле ме және бұл мәселе Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік органының құзыретінде тұр?», - деді депутат.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер