Қытай университеті елордалық оқушыға толық білім грантын ұсынды

2373
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Наргиз Шантаева Қытайдың Duke Kunshan университетінен толық білім грантын ұтып алды. Сондай-ақ, жас дарынға әлемдік QS-2021 рейтінгісі бойынша Еуропаның үздік саяси университеті саналатын Франциялық Sciences Po университетінен шақырту келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоғары оқу орындарын таңдау кезінде қытайлық университеттің ұстанған жаһандық көзқарасы мен этно-мәдени алуандылығы Наргиздің назарын аудара білген. Оған қоса, Duke Kunshan университеті (DKU) - Duke Университеті (АҚШ) мен Ухань университетінің (Қытай) бірлескен жобасы. DKU дипломынан басқа, барлық түлектер Duke университетінің дипломын ала алады. Зияткерлік мектеп түлегі Наргиз жоғары оқу орнында заңгер мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

«Осынау 6 жыл ішінде маған көрсеткен ықыласы мен көмегі үшін барлық ұстаздарым мен кураторларға ерекше алғыс айтқым келеді. Мектеп бітіруші сыныптастарыма келер болсақ, жаңа қадамдарыңызға гүл бітсін. Сіздерге тек сәттілік тілеймінҚазіргі уақытта мен университеттегі оқуыма дайындалып жатырмын. Содан кейін арманымдағы жұмысқа орналасып, сүйікті құқық және сот істерінде өзімді білікті маман ретінде дәлелдейтініме үміттенемін»,– дейді жас зияткер.

«Адырна» ұлттық порталы
Пікірлер