Үш ай бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

3983
Adyrna.kz Telegram

Түркістанда осыдан үш ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайрам ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, 11 сыныпта оқитын кәмелетке толмаған ұлы жоғалып кеткенін айтты. Жақындарымен сөзге келген бала үйінен кетіп, сол күйі оралмаған. Ұялы телефоны да өшірулі болған.

Тәртіп сақшылары бірден оқушыны іздеуге кірісті. Куәгерлерден сұрастырып, елді мекен маңын сүзіп шықты. Сондай-ақ жоғалған жасөспірімнің таныстары мен достарын анықтады.

Іздеу жұмыстары нәтижесінде мектеп оқушысы үш айдан кейін аман-есен табылды. Ол Шымкентте жұмыс істеп жүрген.

Полицейлер кәмелетке толмаған баланы үйіне жеткізіп, ата-анасына тапсырды.

Жасөспірімнің отбасы ұлын табуға көмектескен Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер