Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын аяқтау үшін қанша ақша қажет?

2784
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, LRT жобасын аяқтауға миллиард долларға жуық қаражат қажет, деп хабарлайды "Адырна" порталы zakon.kz-ке сілтеп.

"Бастапқыда оның көлемі 2,6 миллиард долларды құрады. Біз оны 800 миллионнан астам долларға қысқарттық - қаражатты үнемдедік. Қазір құрылысты аяқтауға миллиард доллар қажет - вагондар, рельстер, барлық инфрақұрылым бар. Жалпы, құрылыстың финалына жету үшін бізге осынша қаражат қажет", - деп атап өтті ол халық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Әзірге әкімдік екінші деңгейлі банктер қатыса алатын сыртқы қарыздарға тендер жариялады.

Біз тек сыртқы қарыздарды ғана емес, егер ішкі қаржы нарығында қалайтындар болса, қарастырамыз. БЖЗҚ қарастырылмайды, тек екінші деңгейлі банктер ғана, - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Әкім жобаның аяқталу мерзімін жарияламады.

"Нақты мерзім қанша рет айтылды, содан кейін осы мерзім жоспары бұзылды. Сондықтан, мен асығыстық танытқым келмейді. Қаржыландыру көздерін қалай шешеміз, келісімге қол қоямыз, нақты жол картасы, жұмыс кестесі болады, содан кейін айтамыз", - деп қосты ол.

Қаржыландыру конкурсын 2021 жылдың жазының аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұған дейін қала басшысы LRT құрылысын салу жұмысын қалпына келтіру туралы ресми түрде мәлімдеген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер