Пентагон: Үшінші дүниежүзілік соғыс болады

5682
Adyrna.kz Telegram

АҚШ қорғаныс министрлігі Қытай мен Ресейдің ядролық қару санын арттырып, ауыр бомбалаушы ұшақтарды үздіксіз жасауы жаһандық соғысқа әкеле жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы әйгілі Daily Mail газетінде жазылған.  

"Солтүстік Корея зымыран сынақтарын арттырса, Иранның уран байыту жұмыстары да тоқтар емес, бұның барлығы да адамзатты жаһандық соғысқа жақындата түседі" дейді олар.

Құжатта АҚШ 2010 жылы ядролық қаруы бар елдермен атом санын азайтуға қатысты келіссөздер жүргізуге тырысқаны, алайда басқа келіссөзден державалар бас тартып, керісінше ядролық қару санын еселеп арттыра түскені айтылады.  Нәтижесінде бірнеше аймақта ядролық қаруы бар ойыншылардың өзара соғыс жүргізу қаупі артқан.

"АҚШ үшін ең қауіпті екі ел ол Ресей мен Қытай, өйткені олардың жаңа технологияны иемденуіне мүмкіндіктері жеткілікті" дейді сарапшылар. Ресей ядролық зарядты тасымалдайтын зымырандар түрін арттырса, Қытай өзінің жаңа зымырандарын жасап жатыр дейді мамандар.

"Әлемдегі ядролық қақтығыс мүмкіндігі жыл өткен сайын артып келе жатыр. Ядролық қарудың ірі державалардан бөлек, террорлық топтардың қолына түсу қаупі де бар. Бұл сөзсіз жаңа жаҺандық соғыстың қақпасы болмақ" делінген құжатта.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер