Қытай билігі үшінші бала тууға рұқсат берді

3498
Adyrna.kz Telegram

Қытай билігі үшінші баланың өмірге келуіне қатысты қойылған барлық шектеуді алып тастады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің шешімінде айтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім халықтың тез қартаюына байланысты елдегі демографиялық жағдайды ескере отырып қабылданды. Оған сәйкес, ел айыппұл мен тууды шектейтін басқа шаралардың күшін жойды.

"Әлеуметтік қамсыздандыруға қаражат төлеу алып тасталсын. Айыппұлдар салынбасын", — делінген хабарламада.

Заңда "үш бала саясатының" негізгі мақсаттары көрсетілген. 2025 жылға қарай бала тууды белсенді қолдау жүйесін құру, босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі кезең мен босану үшін көрсетілетін қызметтер деңгейін арттыру, баланы тууға, күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оқытуға жұмсалатын шығыстарды айтарлықтай азайту жоспарлануда.

Сонымен қатар, билік гендерлік теңгерімсіздік мәселесін шешуге, демографиялық құрылым мен халықтың сапасын оңтайландыруға ниетті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер