Қазақстан: 1 күнде 158 адам індеттен қайтыс болды

2687
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 125 адам, коронавирустық пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ кеше 7 792 адамннан коронавирус анықталды, тағы 379 адам пневмонияға шалдыққан.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Өткен тәулікте 7 792 адамнан коронавирус табылды

Коронавирус жұқтырғандар арасында 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 202 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 610 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, ішінде 6 402 адам қайтыс болды. 62 151 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 3 814 адам қайтыс болды.

Пікірлер