Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі азық-түлік жағдайына қатысты түсініктеме берді

3845
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында  елдегі азық-түлік жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, аграрлық секторда: бағаның тиімсіздігі және азық -түлік тауарларының таралуы сынды көптеген проблемалар бар.

-Мен бұған дейін көтерме-тарату орталықтары желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл тапсырма қазір іске асырылу сатысында. Шағын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды", — деді Тоқаев.

Ол аталған нарықта монополиялануға жол берілмейтінін айтты.  Бізге өндіруші тарапынан тізбек бойындағы бағаларға бірыңғай бақылау қажет екенін атап өтті.

Атап кетейік, осы жылдың жазында Қазақстанда азық-түлік бағасы күрт қымбаттаған болатын. Бір жыл ішінде сәбіз мен қызылша екі есе қымбаттады, ал картоп шетелдік банандардың бағасына тұрарлық. Сонымен бірге, осыдан бір ай бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі елде картоп жеткілікті деп мәлімдеді, өйткені қоры 70 мың тоннадан асатынын тілге тиек етті. Көкөністер үкіметтің қолдауына қарамастан тағы сегіз пайызға қымбаттады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер