Жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялау басталды

2589
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Моңғолияда жүкті әйелдер мен 2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды маусымдық тұмауға қарсы вакцинамен иммундау науқаны басталады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Екпе егу шарасы 22 күнге созылады. Оңтүстік Кореяның "ДжиСи Флу" вакцинасы (GC Flu) балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен салынбақ.

GC Flu 6 жастан асқан балалар мен ересектерге, оның ішінде жүкті әйелдер мен денсаулығының созылмалы проблемалары бар адамдарға қолдануға рұқсат етілген. Жүктілік кезінде тұмауға қарсы вакцина ана мен жаңа туған нәрестені аурудан қорғайды.

Айта кетейік, Үкімет 160 мыңнан астам бала мен 10 мың жүкті әйел тұмауға қарсы екпе алады деп жоспарлап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер