Нидерланд елі әлеуметтік қашықтық шектеуін жоймақшы

2725
Adyrna.kz Telegram

Нидерланд елі 25 қыркүйектен бастап коронавирустық пандемиямен күресу аясында бірқатар шараларды жеңілдетіп, әлеуметтік қашықтық шектеуін жоймақшы. Бұл туралы сейсенбі күні Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Марк Рютте  баспасөз конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, 25 қыркүйек күні адамдар арасындағы 1,5 м қашықтықты сақтау ережесі жойылады. Алайда, кафелерде, барларда, мейрамханаларда, театрларда және кинотеатрларда коронавирустық рұқсаттаманы ұсыну - вакцинация алғаны туралы куәлік, жақында ауырғаны жайлы немесе тесттің теріс нәтижесі туралы анықтама міндетті болады.

Мұражайлар мен кітапханалар тізімге кірмейді. Кафелер, барлар мен мейрамханалардың рұқсат етілген уақыты өзгермейді - олар 00:00-ден 06:00-ге дейін (Астана уақытымен 04:00-ден 10:00-ге дейін) жабық тұруы керек. Клубтар мен дискотекалар жұмысын қайта бастайды, бірақ олар түн ортасында жабылуы керек.

- Бүгін біз қалыпты өмірге толық оралғанымызды жариялай алатын күн емес. Елде жаңа инфекциялар анықталуда және адамдар ауруханаға жатқызылуда - деді Рютте.

- Үй-жайлардың ішінде максималды сыйымдылығының 75% - дан аспайтын және тек коронавирустық рұқсаты бар адамдар үшін  жаппай іс-шараларды өткізу мүмкіндігі ашылады. Сонымен қатар, көпкүндік фестивальдерге рұқсат етіледі. Футбол матчтары да  толығымен көрерменге толып, қайта өткізілуі мүмкін - деп мәлімдеді Премьер-Министр міндетін атқарушы Марк Рютте.

Айта кетейік, Нидерланд елінде қоғамдық көліктегі маска режимі күшінде қалады. Мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге және қажет болған жағдайда ғана жұмысқа келуге кеңес беріледі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Нидерландыда 12 жастан асқан адамдар арасында вакцинация деңгейі 79%-ды құрап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер