Байден: Келесі пандемияға дайындалу керек

2223
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясындағы үндеуінде келесі пандемияға бірлесіп дайындалуға шақырды, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Джо Байден қазіргі таңда барлық ел бір таңдаудың алдында тұрғанын баса айтты.

"Біз адам өмірі үшін бірге күресеміз бе, COVID-19-ды жеңу үшін жиналып, келесі пандемияға қарсы тұру үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз ба? Немесе вирустың жаңа, қауіпті нұсқаларына тап болғанда қолда бар құралдар мен білімді қолдана алмаймыз", - деді Ақ үй басшысы.

Сондай-ақ, ол Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты қиын таңдау тұрғанын айтты. АҚШ көшбасшысының айтуынша, әлемдік қауымдастық шешім қабылдауы керек: табиғат құбылысымен бетпе-бет келуі немесе құрғақшылық, су тасқыны, өрт пен дауылдан зардап шегуі.

Бұған дейін Байден АҚШ-тың әлемді жаһандық жылынудан қорғау үшін екі есе көп ақша жұмсайтынын айтқан болатын. Қолдау климаттық дағдарысқа қарсы күресте ең осал саналатын әлемнің дамушы елдеріне бөлінеді.

Пікірлер