Тәлібтер электр энергиясына қарызды өтеу үшін бұрынғы шенеуніктердің мүлкін сатпақ

4270
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстан Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Иран сынды бірқатар елдерге электр энергиясы үшін $62 млн қарыз. Елдің энергетикалық корпорациясы — DABS бұл елдерге электр қуатын өшірмеу туралы және шоттар бойынша төлеуге уәде беру туралы хаттар жіберді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

DABS бірнеше жылдар бойы электр энергиясын төлемеген және көп мөлшерде электр энергиясын тұтынған бұрынғы үкіметтің кетіп қалған шенеуніктері мен саясаткерлерінің үйлерін және басқа да мүліктерін сатуға шешім қабылдады. Бұл мәселені қысқа мерзімде шешуге көмектесуі керек.

- Осы адамдардан төлем алуға мүмкіндік беретін саясат әзірлеу керек. Оның арқасында біз олардың мүлкін сата аламыз немесе балама нұсқаларды таба аламыз, - деді DABS өндірістік директорының міндетін атқарушы Сафиулла Ахмадзай.

Сонымен қатар Ахмадзай экспорттаушы елдермен сөйлескенін және электр энергиясы әзірге әлі өшірілмейтініне сенімді екенін айтты. Энергетикалық корпорация бұрынғы үкімет құлағаннан бері кіріс түсімі 70% - ға төмендегенін айтты. DABS — тің қазіргі директоры бүгінгі таңда компанияға 500 миллион ауғандық - 5 миллион доллардан астам қарыз екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қыркүйек айында "Талибан" өкілдері жеке банктерге бұрынғы министрлердің, олардың орынбасарларының, депутаттар мен қала әкімдерінің шоттарын жауып, осы шоттардың тізімін Республиканың Орталық Банкіне жіберуді бұйырған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер