Француз соты Қазақстанды жақтады: түрік компаниясы айыппұл төлейді

2682
Adyrna.kz Telegram

Париж соты Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S. ("Ташяпы")  компаниясының талабын орындамады. Сот Қазақстанның пайдасына шешім шығарды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментте хабарланғандай, Париж сотында талапкер бұрын шығарылған төрелік шешімнің күшін жоюды талап еткен, оған сәйкес "Ташяпы" Қазақстанға 6,7 млрд. теңге төлеуі тиіс.

"Қазақстан Республикасы француз сотын талаптардың негізсіздігіне сендіре алды, сонымен қатар, сот Қазақстанға 30 000 еуро көлемінде сот шығындарын өтеуді міндеттеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Франциядағы іс жүргізу  Автомобиль жолдары комитеті мен "Ташяпы" компаниясы арасындағы арбитраждық дау болды. Компания "Ақтөбе-Мақат" жолының құрылысы мен оны қайта құру туралы келісімшартты заңсыз бұзды деп айыпталды. Талап етілген шығын мөлшері 6,5 миллион доллар болды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер