Пенжім ауылындағы мектеп ауласында жаппай төбелес орын алды

3261
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Пенжім ауылындағы мектеп ауласында жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде төбелес түсірілген суреттер мен видео таралуда. Бейнежазбадан жасөспірімдердің тобын, қираған автокөліктер мен ғимараттың сынған терезесін аңғаруға болады. 

"27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасы Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірім дене жарақатымен келіп түскен. Тексеру барысында 9 және 10-сыныпта оқитын екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып, оның соңы оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды", –  делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлімі (Қасақана денсаулыққа зиян келтіру) негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтың жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ауыл азаматтары мен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер