16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды.
- 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Отырыс онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде Ұлттық кеңес шеңберінде бұрын берілген Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарлануда, деп жазылған Ерлан Қариннің хабарламасында.
Айта кетейік, президенттің Баспасөз қызметі ертең 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.
"Адырна" ұлттық порталы