Министр: "Биыл жаңажылдық ертеңгіліктер өткізілмейді"

3996
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/68bfec058918e8b3dc455080d65a3706.jpg
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл мектептерде жаңажылдық ертеңгілік өткізілмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
— Мектептерде ертеңгіліктер және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, біз  шешімге бағынамыз. Ал мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады", - деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.
Сондай-ақ отырыста министр омикрон штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігі туралы сұраққа да жауап берді:
— Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз", - деп түсіндірді А.Аймағамбетов.
 

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии