Путин: таксист болып, қаржы таптым

3315
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин 90-жылдары жолаушыларды тасымалдап, ақша тапқанын айтты. Ол бұл туралы "Новая история" атты фильмнің трейлерінде мәлімдеген. 

"Кейде жолаушыларды жеткізіп тастап, қаржы табуға тура келетін. Әрине ол жайлы айту ыңғайсыздау, бірақ солай болды", — дейді Путин.

90-жылдары Анатолий Собчак сайлауда жеңіліс тапқан сәтте, Путин не істеу керектігін ойланғанын айтады. Собчак Петербург қаласының мэрі, ал Путин оның көмекшісі еді. "Мен сол кезде не істеу керек деп ойландым, мүмкін таксист болармын дедім. Қалжыңдап тұрғаным жоқ, рас айтамын. Екі кішкентай балам болды. Сондықтан Мәскеуге президент ісі басқармасының құқықтық кеңес бойынша жұмысқа шақырғанда ойланбастан келдім", — дейді Путин.

"Новая история" фильмінде Путин Ресейдің тоқырау жылдарындағы саяси жағдайына қатысты тың деректер келтірген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер