Шымкентте оңалту орталығы тәулік бойы жұмыс істейді

867
Adyrna.kz Telegram

Биыл Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай ашылған “Виктория” оңалту орталығы қазір тәулік бойы жұмыс істейді.

Ауруханадан шыққан науқастар  бірден оңалту емін қабылдай алады. Дәрігерлер оңалту орталығының қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін айтады.

Жаңадан ашылған емдеу мекемесі 120 орынға лайықталған. Мұндағы қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі.
Нақтырақ айтқанда, орталықта неврологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, травматологиялық бейіндегі және күндізгі стационарда 18 жастан асқан науқастарды қалпына келтіру және медициналық оңалту емдері жүргізіледі. Бұл орталықтың ерекшілігі, ауруханадан шығарылған науқастар кедергісіз  ем қабылдауға мүмкіндігі бар.

Орталықтағы медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ, мұнда медицина қызметкерлері үшін 120 жұмыс орны ашылды.

Пікірлер