Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

2576
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысындағы көшеде бір топ жас жігіттің төбелескені видеоға түсіп қалған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Видеода жігіттердің бір-біріне тас лақтырғаны, таяқ қолданғаны және осы әрекеттің бәрі полиция сиренасы ойнап жатқанда болғаны көрсетіледі.

Қазалы аудандық полиция бөлімінде 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында болған бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланды.

"Полиция бөліміне шағым, өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ешкім медициналық көмек сұрап жүгінген жоқ", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнынан полиция қызметкерлері полиция бөліміне 8 азаматты жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімі қызметкерлері.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер