Қытай билігі өз беделін сақтап қалу үшін Alibaba басшысын елге қайтаруға тырысып жатыр

2087
Adyrna.kz Telegram

Қытай билігі Alibaba компаниясының негізін қалаушы атақты миллиардер Джек Маны елге қайтаруға тырысып жатыр, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Естеріңізге сала кетейік, Джек Ма 2020 жылы өзінің Ant Group финтехнологиялық компаниясының IPO-сын тоқтатуға шешім қабылдаған Қытай билігін қатаң сынға алғаннан кейін елден көшіп кетуге мәжбүр болған еді. Кәсіпкер мемлекеттің қаржылық саясаты «инновацияны тұншықтыратынын» мәлімдеп, көпшілік алдына шықпай кетті.
2021 жылдың сәуірінде Қытайдың монополияға қарсы реттеушілері Alibaba-ға Қытай тарихындағы рекордтық 2,78 миллиард доллар айыппұл салды.
Bloomberg ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, бүгінде Қытай билігі Джек Маның елдегі бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуге көмектесіп, елге қайтып оралуы үшін бар әрекеттерді жасауда. Бірақ кәсіпкер әрі қарай да ауылшаруашылық технологияларын зерттеймін, сондықтан өз компанияларымды басқарудан бас тартып,  шетелде қаламын деп шешім қабылдаған.
Джек ма Alibaba мен Ant Group басшыларына оның Қытайға оралуы жайлы ойламауын өтінді. Бірақ қашықтықтан болса да олардың жетістіктеріне қуанатынын жеткізді.
2022 жылдың қарашасында Financial Times Джек Ма Қытайдан кетіп, жарты жыл бойы Жапонияда тұрып жатқанын, кейде «Пекиннің IT секторын басып-жаншуы» салдарынан басқа елдерге де кетуге мәжбүр екенін жазған.
2023 жылдың қаңтарында Bloomberg Джек Ма Қытайдағы ең ірі қаржылық технологиялық Ant Group бақылауын жоғалтатынын жазды. Сондай-ақ кәсіпкер наурыз айының соңында Қытайдың Ханчжоу қаласындағы мектептердің біріне барған, бірақ оның елде қанша болатыны белгісіз.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер