Акционерлер «Қазақстан халқына» 350 миллион теңге аударды

4021
Adyrna.kz Telegram

«Степногорск тау-кен химиялық комбинатының» акционерлері «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 350 миллион теңге аударды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл қаражат азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы проблемаларын шешуге бағытталатыны белгілі болды.

Қордың арқасында төтенше жағдайлар кезінде және ТЖ режимін енгізу кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ қор сирек кездесетін аурулары бар балаларды емдеуге көмек көрсетіп, әлеуметтік және мәдени объектілердің құрылысын қаржыландыратын болады.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Оның басшысы болып бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев тағайындалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер