Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды іздестіру үшін сенім телефоны іске қосылды

1825
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық полиция департаменті тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздестіру үшін арнайы сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сіз сall-орталыққа хабарласып тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Мына телефон нөмірі бойынша +7 (727) 290-19-01 байланыс орталығына хабарласуға болады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер