Жошы ханға апаратын жолға 5.7 млрд жұмсалмақ па?

4005
Adyrna.kz Telegram

Жошы хан кесенесі мен Домбауылға апаратын жол құрылысына шамамен 5,7 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Тапсырыс беруші – «Қарағанды ​​облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама – "Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан кесенесі, Домбауыл" автомобиль жолын салу, жоспарланған сома – 5 688 998 668 теңге», - делінген Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау қаңтардың 4-і мен 21-і аралығында жүргізіледі.

"Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан кесенесі, Домбауыл" автомобиль жолын салудың негізгі мақсаты - Жошыхан және Домбауыл кесенелер маңын абаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады", - делінген техникалық сипаттамада.

Жошы хан кесенесі Жезқазған қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Жошы - Моңғол империясының батысындағы жерлерді мұра еткен Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін қалаушы.

Домбауыл кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында орналасқан. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер