Өзбекстан дүр сілкінді: Жас ана баласын "аю жесін" деп лақтырып жіберген

3843
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның прокуратурасы үш жастағы қызын аюға лақтырып жіберген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады. Өзбекстанды дүр сілкіндірген оқиға 28-қаңтар күні, Ташкент зообағында болған. Жас ана бес метрлік биіктіктен үш жастағы қызын аю тұратын тордың ішіне лақтырып жіберген. 

Зузу атты Кавказ қоңыр аюы үш жастағы қыздың қасына келіп, иіскелеген. Алайда аю қызға шабуыл жасамаған. Зообақ қызметкерлері бірден әрекет етіп, аюды қамап, қызды алып шыққан. Қызға алғашқы көмекті зообақ медбикесі көрсеткен, артынша оны ауруханаға апарған. Қазіргі таңда үш жастағы қыздың денсаулығы қалыпты, ал оның анасы қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденсе, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аталмыш оқиға Өзбекстанның әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік қатыгездік жасаған анаға кешірім жоқ дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер