Б.Сағынтаев: "Маған өз иммиджімнен қала тұрғындарының қауіпсіздігі маңызды болды"

1892
Adyrna.kz Telegram

Бақытжан Сағынтаев Арманжан Байтасқа берген сұхбатында Алматы қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде өз иммиджін немесе қызметін емес, қала тұрғындарының қауіпсіздігін ойлағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Оқиға өршіген кезде мен жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсіндім. Ел алдына шығып сағат сайын есеп беріп уақыт кетіру, болмаса шиеленісті шешуге күш жұмсау таңдауы тұрды. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштер бізде болмады. Сондықтан Қорғаныс, Ішкі істер министрлігімен келіссөздер жүргізуге тура келді. Менің тарапыма кейін көптеген сындардың болатынын білдім. Бірақ маған өзімнің иммиджіме қарағанда қала тұрғындарның қауіпсіздігі маңыздырақ болды”, – деді ол.

Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар тұрғындарының петициясына қатысьты да пікір білдірді.

“Мен бәрі аяқталған кезде сынның да, өтініштің де болатынын білдім. Алайда қызметімді жауапкершілікпен жасап, жұмысымды жалғастыруым керек. Қаланы қалпына келтіріп, шығын мәселелерін шешуім керек. Мен өз жауапкершілігімді білемін. Қалай болғанда да сындардың бәрін қабылдаймын”, – деді экс-әкім.

Айта кету керек, бүгін оның орнына Е.Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Ал Б.Сағынтаевтың қандай қызметке тұратыны әзірге белгісіз.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер