ҚТЖ Әлия Назарбаеваға тиесілі "Instant Payments" компаниясымен келісімшартты бұзды

3506
Adyrna.kz Telegram

ҚТЖ Instant Payments-пен билеттерді сату жөніндегі шартын мерзімінен бұрын бұзады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Instant Payments" ЖШС жолаушылар пойыздарына электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу мен сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы уағдаластыққа қол жеткізді", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания бұл қызметтерді енді дербес ұсынады. Жол жүру құжаттарын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ сайтында әдеттегі режимде жүргізіледі, кассаларда және онлайн. Бұл ретте сервиске қолжетімділік нарықтың барлық қатысушысына ашықтық және айқындық қағидаттарында берілетіні хабарланды.

Айта кетейік, Instant Payments компаниясы 2011 жылы құрылды. Оның 2022 жылғы қаңтардағы құрылтайшылары – Әлия Назарбаева мен Диас Мадигожин. Бүған дейін Назарбаевтың кіші қызы "Қазақтелекомның" әрбір электронды теміржол билеті мен қызметінен ақша табатынын жазған болатынбыз. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер