Ауыл әкімі жастарды клубтан бейәдеп сөздер айтып, қуып шыққан (ВИДЕО)

3526
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Пригородный ауылдық округінің әкімі Наталья Пистрюга Жаңа жыл кешінде ауыл жастарын клубтан бейәдеп сөздер айтып, қуып шыққан. Бұл туралы Orda.kz жазды. 

Жаңа Жыл кешінде Наталья Леонидовна клубтың есігін ашып беріп, тәртіпті қадағалау мақсатында өз қызын қалдырып, өзі туыстарына кеткен. «Ол қонаққа кеткен еді, сол жақтан өте нашар көңіл-күймен оралды. Жастарды өзі арандатты. Біздің ауыл тұрғындары сабырлы, анандай бейәдеп сөздер айтылған сәтте ашулы адамдар болса сол жерде боларын білмеймін. Бұл өз ауылдастарына деген осындай қатынастың алғашқысы емес. Аталмыш оқиғадан кейін оны жазалаған жоқ. Бұл әділетті ме? Басқа мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстанда бірден жұмыстан шығарып жатады ғой. Ал бұл болса одан әрі басқа шығуда», – дейді ауыл тұрғыны.

Наталья Пистрюга Orda.kz басылымына берген пікірінде ауыл тұрғындарына тіл тигізгені үшін кешірім сұраған.

«Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша мен клубты ашып беріп, қызымды тәртіпті қадағаласын деп қалдырып кеттім. Өзім үйге кетіп қалдым. Бір сәтте клуб жақтан айғай-шуды естідім. Жүгіріп барсам ішінде төбелес болып жатыр, қан-жоса болыпты. Мен оларға ұрсып, оларды ажырата бастадым, себебі біздің тәртіп сақшымыз 18 шақырым жердегі ауылда тұрады. Мен барлығын қуып шыққым келді. Сол сәтте менің басымда тек қана бір ой болды, ол ауыл тұрғындары арасында трагедияны болдырмау еді.Олар бір-бірін өлтіріп тастайтын еді», – дейді Пистрюга.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер