Сарапшы: Қазақстан өзін Ресейге тәуелді етті

2150
Adyrna.kz Telegram

Өзінің саяси шешімдері нәтижесінде Тоқаев, енді Путинге тәуелді деп жазады, Орта азия елдері эксперті Эдвард Лемон. Мақала авторы ойынша елдегі жағдайға ҰҚШҰ араласуы кейбір мәселелер де Қазақстан үкіметін Ресеймен санасуына әкелмек. Қысқаша түрде, алдағы уақытта Қазақстан Ресей байланысы күшейе түспек.

Даниэла Кучерова (Daniela Kucerova)

 Ресей әскері, Қазақстандағы жағдайды тұрақтандырып, өзіне берілген тапсырманы толығымен орындады. Алайда Қазақстанға қуануға әлі ерте. Осы жағдайлардан кейін, Тоқаев Ресейге «терең байланып, клептократталды»,- деп жазады, Эдварт Лемон «Сезнам Справы» порталына.

ҰҚШҰ әскері Қазақстанға кірген кезде көптеген болжамдар жасалған болатын. Қазақстанда сол күндері жаппай тәптіпсіздік орын алып жатырды. Десе де, ҰҚШҰ өзіне берілген миссияны орындап, жағдайды тұрақтандыруға атсалысты. ҰҚШҰ миссиясы аяқталған соң президент Тоқаев елден әскердің кете бастағандығын хабарлады.

Ресей интервенциясы елде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Кейбір жағдайларда мұндай оқиғаның салдары елдің, Украина, Грузия секілді оккупацияға ұшырауына әкелуі мүмкін болатын. Бұл пікірді, Орта Азия елдеріне сарапшысы Эдвард Лемон білдірді.Лемон, Кремль операциясы Қазақстанда ұзақ уақытқа жалғасса, арты Қытайдағыдай шерулерге ұласуы мүмкін екендігін жасырмады.

SEZNAM ZPRAVY: - Ресей әскері Қазақстаннан толығымен кетті. Бірақ көпшілігі әскердің елде жағдай толық тұрақталғанша «белгісіз бір мерзімге» дейін қалады деп ойлаған. Сіздің пікіріңізше орын алуға тиіс бұл жағдай не үшін болмады?

Эдвард Лемон: - Президент Қ.Ж.Тоқаев бітімгершілік орнатуға келген екі жарым мыңға жуық ҰҚШҰ әскерін, 20 – шы қаңтарға дейін елден толық шығарылатынын хабарлады. ҰҚШҰ – да басты күш иесі Ресей әскері үшін бұл операция қысқа уақытта аяқталды. Қазақстанға әскердің келуі, қысқа уақытта шығуы Ресейдің барлық қызығушылықтарына сай келеді. Әліптің артын бағу қажет. Бұл да бір, Кремль жоспары.

- «Қызметке – қызмет» деген түсінік бар. Ресей Қазақстанға көмектескені үшін орнына не сұрауы мүмкін?

     -   Меніңше алдағы уақытта Тоқаев Путиннің барлық саяси әс-әрекеттерін қолдауы тиіс. Бұл мәселеге, ҰҚШҰ – да жайдан – жай араласа қойған жоқ. Осы тұрғыда. Тоқаевтің құрған жаңа үкіметі де, Ресейдің бастамаларын қолдауы тиіс.Қазақстанда орын алған бассыздықтарды жоюға атсалысқан, оқиғалар да  басты фигурант болған Ресей енді Қазақстанды өз жолына тартары анық.

- Тоқаевтің құрған жаңа үкіметін де кімдер бар? Жаңа премьер – министр Әлихан Смаилов кім?

       - Көбінесе жаңа үкімет мүшелері, бұрынғы режимнен қалған «лоббистер». Елде радикальды реформалардан көрі, орын алмасулар көптеп болады. Ішкі министрі секілді, «қаңтар оқиғасына» тікелей жауапты басты фигуранттар орындарын сақтап қалды. Мұның өзі көп нәрсені білдіреді.

       Бұрынғы үкімет те қызмет атқарған 18 мүшенің, 11-і отставкаға кетті. Ал Назарбаевтің басты серіктері, К.Мәсімов пен А.Мамин ойыннан шықты. Тіпті оларды, «елге сатқындық жасағаны үшін» айыптауда. Жаңа премьер А.Смаилов болса, Тоқаевтің серіктесі.

- Шеруге шығушылар бар ашуын бұрынғы президент Н.Назарбаевтан алды. Тіпті тұңғыш президентке арнап салынған ескерткіштердің қиратылғаны айтылуда. Халық ашуының басты себебі, Н.Назарбаев отбасысың жемқорлыққа қатысы барлығында. Осы оқиғалармен, Тоқаевті байланыстыратын не?

       - Иә, Назарбаеқа қатысты көптеген элементтердің жойылып жатырғандығы рас. Тіпті, 2019 жылы ес астанасына берілген, «Нұр-Сұлтан» атауы өзгеруі мүмкін екендігі жасырын емес. Сондай-ақ соңғы жолдауында Тоқаевтің, Назарбаев құрған жүйені, жүйе айналасындағы олигархтарды сынға алғанын көрдік. Қазір Тоқаев елдегі жағдайды толық қолына алып, экономикаға бақылауын арттырып, елде өзін барлық жағынан орнықтыруда.

         - Шеруге шыққан қазақ халқының барлық талаптары орындаулы мүмкін бе?

       -Тоқаев елдегі аз айлықпен, күнделікті өсіп жатырған инфляциямен, жемқорлық және жұмыссыздық пен күресуге уәде берді. Осы тұрғыда ауқымды реформаларды қолына алды. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Менің ойымша,елде ештеңе де өзермейді.

       - Сіздің ойыңызша Қазақстандағы жағдайға басқа да елдердің көзқарасы қалай?

       -Сыртқы елдерден тікелей араласу болмайды. Бірақ батыс елдері, Қазақстанға қысымын арттырары анық. ЕО-елдері, Қазақстанның үлкен сауда-саттық серіктесі.АҚШ - елдегі екінші ең ірі инвестор. Негізі, Қазақстан үкіметі «қаңтар оқиғасынан» кейін халықаралық имиджіне қатты алаңдайды. Осы тұрғыда, АҚШ және Еуропа елдері, үкіметке қысымын арттырып, адам құқықтарын негізге ала отырып оқиғаның нақты хронолгиясын талап ететіні анық.

- Қазақстанның құдай қосқан көршісі- «аспан асты елді». Ресей алғаш көмектескен кезде, Қытай реакциясы қалай болды?

          -Менің ойымша, Ресей интервенциясының қысқа уақыт болуы, Қытайға тиімді. Пекинге керегі басшы кім болса да Қытай компанияларына достықпен қараса болғаны. Қытай - елдің маңызды инвесторы. «Ұлы жібек жолында», Қазақстан - транзитті ел. Қорытындылай келе, елдегі бассыздықтарды реттеуге атсалысқан Ресейді, Қытай толығымен қолдайды.

- Кейбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде күш көрсетіп, бұзақылық жасағандар басқа елдерден келген. Сіздің ойыңызша шеруге шығушылардың артында басқа да елдер тұруы мүмкін бе? Мысалы, Тоқаев бір сөзінде Ауғанстаннан келген террористер туралы айтты.

       - «Қаңтар оқиғасына» әр түрлі топ қатысқанын білеміз. Ол жерде негізінен, елдегі саяси және экономикалық реформалардың өзгеруін талап еткен бейбіт тұрғындар болды. Бірақ хаос кезінде, бейбіт тұрғындарды арнаулы топтар өз мақсаттарына пайдаланып кетті.

       - Тоқаевтің 20 000 террорист болды дегені өтірік. Сондай – ақ елдегі құрылымдардың, кейбір шетелдіктерге, бассыздықты ұйымдастырдым деп күшпен мойындатқаны белгілі болды.

       - Қазіргі таңда ел басшылығына Қазақстанда «халықаралық терроризмнің» жаппай болғанын дәлелдеу мәселесі тұр. Егер дәлелденсе, біріншіден ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға кіргізілуін ақтап алады. Екіншіден, тәртіпсіздік кезінде, жағдайды тұрақтандыру үшін ғана  ескертусіз оқ атқанын және жекелеген тұлғаларға репрессиясын ақтап алар еді. Бірақ әзірге нақты дәлелдер жоқ.

Эдвард Лемон – Орта Азиядағы, Oxus Society -  ұйымының президенті. Техасс Университетінің профессоры.

Ақтілек БИСЕМБАЙ

Пікірлер