Украина қорғаныс министрі: Екі сағатта Киевті аламыз дегендерің қайда?

5302
Adyrna.kz Telegram

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников украин халқына үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Әлемді және біздің елімізді түбегейлі өзгерткен үш күн өтті. Киевті 2 сағатта басып аламыз дегеннің барлығы қайда? Қайда олар? Мен оларды көріп тұрғаным жоқ. Мен тек қана олардың ақталып жатқанын естудемін.

Есесіне мен ержүрек әскерді, жеңімпаз гвардияны, батыл шекарашыларды, жанкешті құтқарушыларды, сенімге ие полицияны, құтқарушы періштеге айналған дәрігерлерді көріп тұрмын. Олардың барлығы да өз міндеттерін, борыштарын орындауда.

Мен қолына қару алып, өз елін қорғауға шыққан мыңдаған азаматтарымызды көріп тұрмын. Түнектен кейін таң атып келеді”,- деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер