АҚШ-тың аға сенаторы Ресей халқын Путинді өлтіруге шақырды

4071
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың аға сенаторы Линдси Грэм Мәскеудің Украинаға басып кіруіне наразылық білдіріп, өзінің Twitter парақшасында Ресей халқын президент Владимир Путинді өлтіруге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Ресейде Брут бар ма? Ресей армиясында Штауффенбергтен де табысты полковник бар ма? Мұны тоқтатудың жалғыз ғана тәсілі – Ресейде біреу бұл жігіттің көзін жоя салу керек. Сіз өз еліңізге және бүкіл әлемге үлкен қызмет көрсетер едіңіз, -  жазды ол.

Сонымен қатар АҚШ-тың аға сенаторы Путинді өлтіру тек орыс халқының қолынан ғана келетінін алға тартты.

- Мұны түзете алатын жалғыз халық - орыс халқы. Әрине айтуға оңай, бірақ орындау қиын. Егер сіз әлемнің басқа бөліктерінен өте кедейлікте оқшауланып, өмір бойы қараңғылықта өмір сүргіңіз келмесе, сізге іске кірісу керек, -  деп толықтырды ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер