Доллар 700 теңгеден асуы мүмкін

2816
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы доллар бағамының 700 теңгеден асуы мүмкіндігін баса айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл мәліметтерді ол өзінің инста парақшасында жазды. Мәскеу биржасында 1 доллар құны 134 рубльді құрағанын, ал бұл кейін біздің теңгеге шаққанда 700 теңгеден асатынын болжап отыр.

"Мәскеу биржасында 1 доллар = 134 рубльге жетті
Егер біздің 1 рубль = 5.5 теңге қатынасы сақталатын болса...
Елдегі 1 доллар 700 теңгеден асады деген сөз.
Ал біздің биржада (Kase) бүгін-ертең демалыс. Сәрсенбі Ұлттық банк миллиондаған долларға валюталық интервенция жасайды-ау... Әйтпесе, жағдайымыз қиын", - деп жазды ол өз парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер