"Жағдай қиын": Ресейліктер қымбат бренд киімдерін қант пен қарақұмыққа ауыстыруға көшті

6557
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөздерден алынды
Фото ашық дереккөздерден алынды

Ресейліктер дүкен сөрелерінде тауар тапшылығының орын алуынан қорқып, жеке заттарын қант пен қарақұмыққа алмастыра бастады. Бұл ақпаратты Medialeaks жариялады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, желі қолданушылары Avito платформасында хабарландыруларды жаппай жариялай бастады, онда олар сатып алушылармен киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, тіпті жиһазды әртүрлі азық-түлік өнімдеріне айырбастауға келісім жасауға тырысуда. Қазіргі уақытта супермаркеттерде белгілі бір тауарларды бір қолға сатып алуда шектеу енгізілгені белгілі.

Мәселен, Сочи тұрғыны кез-келген адамға бес келі қант үшін Sonata Collection брендінің жүннен тігілген пальтосын жіберуге дайын. Бұл ретте мәскеулік Ольга Avito қолданушыларына екі келі қарақұмық үшін Respect брендінің былғары аяқ киімін айырбастауды ұсынды. Оның айтуынша, ол бұл аяқ киімді алты мың рубльге сатып алған.

Жоғарыда аталған ұсыныстардан басқа, ресейліктер өздерінің жиһаздарын, әртүрлі декор бұйымдарын, Samsung сияқты шетелдік өндірушілердің тұрмыстық техникасын, сонымен қатар ыдыс-аяқ пен сағаттарын азық-түлікке айырбастауға тырысуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер